Дәрігерге қаралу кезінде барынша пайда алыңыз.

Дәрігерге қойылуы тиіс сұрақтар

физикалық белсенділікті сақтау, спортпен шұғылдану, анасы баласымен доп ойнайды, 2-типті қант диабетін емдеу, Act4Diabetes

Act4Diabetes-пен не істей аламын

2-типті диабет туралы сөз қозғалған кезде, қауіп-қатерлерді түсіну және ақпарат алу - бұл ауруды басқару, жүрек пен бүйректі қорғау үшін шаралар қабылдаудың алғашқы маңызды қадамы болып табылады. Тұрақты тексеруден өту мен өмір салтын тиімді басқару, сондай-ақ қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектер (егер қажеттілігі болса) көмегімен 2-типті диабеті бар адамдар ұзақ және салауатты өмір сүре алады.2

Қуантарлық жаңалық - сіз денсаулығыңызды жақсартуға, өмір сүру сапасын жақсартуға және 2-типті диабет, жүрек және бүйрек ауруларымен байланысты қауіп-қатерлерді азайтатын  бірқатар амал қолдана аласыз, соның ішінде:

темекі шегуден бас тарту, салауатты өмір салты, 2-типті қант диабетін емдеу, Act4Diabetes

Темекі шегуді тоқтату

Денсаулығыңыз үшін жасай алатын ең жақсы нәрселердің бірі - темекі шегуді тоқтату. Темекі қаптамасында денсаулыққа қатысты ескертулер бекер көрсетілмеген, сондықтан, егер сіздің жүрегіңізге 2-типті қант диабеті есебінен жүктеме түссе, темекі шегуден бас тартуға табанды түрде кеңес беріледі. Темекісіз өмірді қамтитын салауатты өмір салты 2-типті диабетті басқарудың негізі болып табылады. Темекі шегу жүрек пен қан тамырларына теріс әсер етеді және жүрек пен бүйрек ауруларының алдын алуға болатын себептерінің бірі болып қала береді.19, 20

Калориялар мөлшерін азайту, салауатты өмір салты, 2-типті қант диабетін емдеу, Act4Diabetes

Салмағыңызды қадағалаңыз 

Семіздік жүрек-қан тамырлары және бүйрек ауруының негізгі қауіп факторы болып табылады және инсулинге төзімділікпен тығыз байланысты. Артық салмақ бүйректерді қарқындырақ жұмыс істеуге және қалдықтарды қалыпты деңгейден жоғары сүзуге мәжбүр етеді.21 Салмақ жоғалту жүрек-қан тамырлары мен бүйрек қауіп-қатерлерін жақсартып, инсулинге сезімталдықты арттыруы мүмкін. Дұрыс тамақтану және физикалық белсенділікті күнделікті өміріңізге енгізу арқылы қалыпты салмақтың сақталуына қол жеткізуге болады.  

 

Салмақ жоғалтудың артықшылықтары туралы парақшаны жүктеп алыңыз Opens in new tab
Жерорта теңіздік диета, салауатты өмір салты, 2-типті қант диабетін емдеу, Act4Diabetes

Дұрыс тамақтану пайдасына таңдау жасаңыз

Сіздің ішіп-жегеніңіз денсаулығыңызға әсер етеді. Дұрыс салмақта болу және тұз бен май аз теңдестірілген тамақтану қан қысымын бақылауға және бүйрек ауруларының өршуіне жол бермеуге көмектеседі.22 Диабетті басқаруға көмектесетін рационыңызға енгізілген пайдалы тағамдар жүрек пен бүйрек денсаулығы үшін бірдей маңызды болып келеді. Терең өңделген тағамдар салмақтың артуына алып келуі мүмкін, сондықтан жалпы денсаулығыңызды жақсартуға көмектесетін көкөністер, жемістер және тұтас дәнді дақылдар сияқты мүмкіндігінше аз өңделген тағамдарға көшіңіз.  

 

Диета және тамақтану туралы парақшаны жүктеп алыңыз Opens in new tab
Физикалық белсенділік, салауатты өмір салты, 2-типті қант диабетін емдеу, Act4Diabetes

Белсенді болыңыз

Жаттығулар жүрек соғысының жиілігін арттырады. Бұл жүрек қауіп-қатерлерінен аулақ болғысы келетін кез-келген адам үшін нәтижесіз болып көрінгенімен, бірақ шын мәнінде жаттығулар жүректі нығайтады.23 Жаттығу барлық жастағы ересектерге пайдалы және денсаулығыңызды жақсы, күшті және бақылауда ұстауға көмектеседі. Тұрақты жаттығулар жүрек пен бүйректі қорғауға және қан қысымын төмендету және қант диабетінің алдын алу арқылы оларды жақсы күйде ұстауға көмектеседі.24

 

Жаттығу туралы парақшаны жүктеп алыңыз Opens in new tab
Медитация, психикалық денсаулық, стресті азайту, 2-типті қант диабетін емдеу, Act4Diabetes

Стрессті азайту және эмоционалдық әл-ауқатыңызға күтім жасау

2-типті диабетпен өмір сүретін адамдарда депрессия мен мазасыздық қаупі жоғары.25 Созылмалы аурумен өмірдің стрессті болуы, ал күнделікті өзгерістерге  бейімделу қажеттілігі ауыртпалық тудыруы және эмоционалды зорығуға алып келуі мүмкін. Ақыл-ойыңызға күтім жасау денеңізге күтім жасау сияқты салауатты өмір сүру үшін маңызды. Емделмеген кезде, депрессия мен мазасыздық сияқты психикалық денсаулық жағдайлары диабетті күшейтуі мүмкін.26 Стресс деңгейін басқарудың жақсы жолдарын табу және сәйкесінше қолдау сұрау арқылы эмоционалды әл-ауқатыңызға күтім жасау өте маңызды.

 

Эмоционалдық әл-ауқат туралы парақшаны жүктеп алыңыз Opens in new tab
Күретамырлық қысымды тексеруге арналған бақылау тізімі, холестерин деңгейі, 2-типті қант диабетін емдеу, Act4Diabetes

Маңызды денсаулық көрсеткіштерін үнемі тексеріп, дәрігеріңізбен сөйлесіңіз 

Денсаулығыңызды үнемі тексеріп отырыңыз. Қандағы қант деңгейін үнемі өлшеуден бөлек, қан қысымы мен холестерин деңгейін үнемі тексеріп отыру қажет. Денсаулығыңызды мұқияттырақ қадағалау кез-келген секем тудыратын симптомдарды анықтауға көмектеседі. Дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, темекі шегуден бас тарту және артық салмақ жоғалту арқылы жоғары холестеринді төмендетуге болады. Егер сізде диабет немесе жоғары қан қысымы болса, бүйрек денсаулығын жыл сайын тексеруіңіз керек. Әсіресе,  темекі шегетін болсаңыз немесе  отбасылық анамнезде бүйрек ауруын болса ол маңызды болып табылады. Бұл тексерулерге қан сынағы, альбуминді тексеру үшін зәр сынағы және қан қысымын өлшеу кіреді.27

Егер сізде 2-типті диабет болса, сіздің жүрегіңіз бен бүйрегіңізге қауіп төнуі мүмкіндігін және жүрек-қан тамырлары мен бүйрек ауруының қаупін басқару және азайту үшін қандай қадамдар жасау керектігін дәрігеріңізбен талқылаңыз. 

Қысқартулар:

  • 2ТД: 2-типті диабет; ЖҚА: Жүрек-қан тамырлары ауруы; СБА: Созылмалы бүйрек ауруы

сілтемелер:

  1. World Health Organization, Regional office for Europe, Data and statistics, page 1, https://www.euro.who.int/en/health-topics/noncommunicable-diseases/diabetes/data-and-statistics (Accessed August 2021)
  2. International Diabetes Federation IDF Diabetes Atlas, Brussels, Belgium: International Diabetes Federation; 2021, 10th edition. Pages 7,12,19
  3. Classification and Diagnosis of Diabetes: Standards of Medical Care in Diabetes—2022, American Diabetes Association, Diabetes Care 2022 Jan; Diabetes Care 2022;45(Supplement_1):S17–S38
  4. National Institute of Diabetes and Digestive and Kidney Diseases, Type 2 Diabetes, Last Reviewed May 2017, page 2 https://www.niddk.nih.gov/health-information/diabetes/overview/what-is-diabetes/type-2-diabetes
  5. National Kidney Foundation. The Heart and Kidney Connection.(Accessed August 2021). 1 p. https://www.kidney.org/atoz/content/heart-and-kidney-connection
  6. Giugliano, D et al. Cardiovasc Diabetol  (2021) 20:36. The residual cardiorenal risk in type 2 diabetes. 2 p,  https://doi.org/10.1186/s12933-021-01229-2
  7. Giugliano G, et al. Glycemic control, preexisting cardiovascular disease, and risk of major cardiovascular events in patients with type 2 diabetes mellitus: systematic review with meta-analysis of Cardiovascular Outcome Trials and Intensive Glucose Control Trials. J Am Heart Assoc. 2019;8:e012356.
  8. John Hopkins Medicine. Diabetes and Heart Disease. What causes cardiovascular disease?. 2 p. https://www.hopkinsmedicine.org/health/conditions-and-diseases/diabetes/diabetes-and-heart-disease
  9. National Institute of Diabetes and Digestive and Kidney Diseases. Diabetic Kidney Disease. What is diabetic kidney disease?. 1 p. https://www.niddk.nih.gov/health-information/diabetes/overview/preventing-problems/diabetic-kidney-disease
  10. Liu M et al. Eur Rev Med Pharmacol Sci. 2014 Oct;18(19):2918-26.Cardiovascular disease and its relationship with chronic kidney disease. https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/25339487/
  11. Einarson et al. Cardiovasc Diabetol (2018) Jun 8;17 Prevalence of cardiovascular disease in type 2 diabetes: a systematic literature review of scientific evidence from across the world in 2007-2017
  12. Centers for Disease and Prevention. Diabetes and Your Heart. What is heart disease? https://www.cdc.gov/diabetes/library/features/diabetes-and-heart.html
  13. Kenny H et al. Heart Failure in Type 2 diabetes mellitus (2019). Circulation Research Available at: https://www.ahajournals.org/doi/10.1161/CIRCRESAHA.118.311371
  14. Familydoctor.org. Symptoms of diabetes. (Accessed December 2021). https://familydoctor.org/condition/diabetes/
  15. National Institute of Diabetes and Digestive and Kidney Diseases. Your Kidneys & How They Work. June 2018. https://www.niddk.nih.gov/health-information/kidney-disease/kidneys-how-they-work
  16. American Kidney Fund. Heart Disease & chronic kidney disease CKD). (Accessed December 2021). https://www.kidneyfund.org/kidney-disease/chronic-kidney-disease-ckd/complications/heart-disease/
  17. Centers of Disease Control and Prevention. Chronic Kidney Disease Basics. (Accessed August 2021). https://www.cdc.gov/kidneydisease/basics.html
  18. National Institute of Diabetes and Digestive and Kidney Diseases. High Blood Pressure & Kidney Disease. (Accessed December 2021). https://www.niddk.nih.gov/health-information/kidney-disease/high-blood-pressure
  19. American Heart Association. Prevention and Treatment of High Cholesterol (Hyperlipidemia). (Accessed September 2021). https://www.heart.org/en/health-topics/cholesterol/prevention-and-treatment-of-high-cholesterol-hyperlipidemia
  20. National Kidney Foundation. Smoking and your health. December 2021 https://www.kidney.org/atoz/content/smoking
  21. National Kidney Foundation. How Does My Weight Affect My Risk for Kidney Disease? January 2017. https://www.kidney.org/content/how-does-my-weight-affect-my-risk-kidney-disease
  22. American Kidney Fund. Kidney diet and foods for chronic kidney disease (CKD). (Accessed September 2021). https://www.kidneyfund.org/kidney-disease/chronic-kidney-disease-ckd/kidney-friendly-diet-for-ckd.html
  23. National Kidney Federation. Let’s get active. Available at: https://www.kidney.org.uk/lets-get-active-exercise-for-kidney-patients
  24. National Institute of Diabetes and Digestive and Kidney Disease. Heart Disease & Kidney Disease (Accessed December 2021). https://www.niddk.nih.gov/health-information/kidney-disease/heart-disease
  25. Ducat L et al. “The mental health comorbidities of diabetes.” JAMA vol. 312,7 (2014): 691-2. doi:10.1001/jama.2014.8040
  26. Mental Health America. Diabetes and Mental Health. https://mhanational.org/diabetes-and-mental-health
  27. Kidney Health Australia. How to check your kidneys. 2020. https://kidney.org.au/your-kidneys/know-your-kidneys/know-the-risk-factors/kidney-health-check