Құпиялық мәлімдемесі

Бұл Құпиялық мәлімдемесінде Boehringer Ingelheim RCV GmbH & Co KG (бұдан әрі «Берингер Ингельхайм» «біз», «біздің», «бізді») осы веб-сайт арқылы сіз туралы жинайтын жеке деректерді қалай және қандай мақсаттарда өңдейтіні туралы сипатталады.

Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында (бұдан әрі — қолданыстағы заң) талап етілетін жағдайларда, біз сіздің жеке ақпаратыңыздың белгілі бір жиынтығы өңдеуге жеке келісіміңізді сұраймыз және сіздің жеке ақпаратыңызды өңдеу әрекеті Сіздің келісіміңізді алған жағдайда ғана, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

1. ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ МАҚСАТЫ

1.1 Тіркеу, байланыс (веб-сайт және әлеуметтік медиа арналары)

Біз сіздің деректеріңізді біздің веб-сайттарымызда қызметтермен қамтамасыз ету үшін өңдейміз, мысалы, сіз тіркелгенде, жүйеге кіргенде, оқу курстары мен іс-шараларға қатысқанда немесе бізге хабарлама жібергенде.

1.2 Тіркелу деректері

Біздің сайтқа кірген кезде біз браузеріңіз жіберген журнал деректерін аламыз (мысалы, IP мекенжайы, алдыңғы кірген сайт, уақыт пен күн, көрсетілген мазмұн, браузер және операциялық жүйе ақпараты). Журнал деректерін жинау біздің веб-сайтты пайдалана алуыңыз үшін техникалық түрде талап етіледі. Журнал файлдары, әдетте, 14 күннен аспайтын тиісті мақсат үшін қажет болғанша сақталады.

1.3 Cookie файлдарын пайдалану және олармен байланысты деректерді өңдеу (сайтты оңтайландыру, талдау, жарнамалау)

Біз cookie файлдарын (браузеріңізге орналастырылған шағын мәтіндік файлдар) және пиксельдік тегтер сияқты ұқсас технологияларды (бұдан әрі «Cookie» файлдары деп аталады) пайдаланамыз.

1.3.1 Негізгі cookie файлдары

Негізгі Cookie файлдары веб-сайттың дұрыс жұмыс істеуі үшін маңызды, парақшаны шарлау, веб-сайттың қорғалған аймақтарына кіру немесе тіл параметрлері сияқты негізгі функцияларды қамтамасыз етеді. Біз бұл маңызды cookie файлдарын бір жылға дейін сақтаймыз.

1.3.2 Веб-сайтты оңтайландыру және талдау

Сіздің келісіміңізбен біз cookie файлдарын орнатамыз және веб-сайттарымызды қалай пайдаланатыныңызды талдаймыз. Осылайша, біз белгілі бір қызметтердің қаншалықты жақсы қабылданатыны туралы ақпаратты жинаймыз, осылайша біз оларды және веб-сайттарымызды реттеп, жақсарта аламыз.

Сіз кез келген уақытта келісіміңізді қайтарып ала аласыз. Мұны істеу үшін төменгі сол жақ бұрышта тұрған түймені (дөңгелек белгішесі) басыңыз.

Сіздің келісіміңізбен біз келесі қызметтерді пайдаланамыз:

Adobe Analytics (Omniture) 

Adobe Analytics қызметінің cookie файлдары бізге жеке пайдаланушылардың (әрі қарай сәйкестендіру жүргізбей) немесе топтардың (мысалы, қандай қызметтер көбірек пайдаланылатынын, пайдаланушылар қаншалықты жиі оралатынын, олардың қанша уақыт тұратынын, қай сайттар мен аймақ пайдаланушыларының келетінін) барлық трафик пен пайдалану үлгілерін талдауға мүмкіндік береді. Бұл cookie файлы үш жылға дейін сақталады.

Adobe Analytics — Adobe Systems Software Ireland Limited компаниясының қызметі. Бізге өңдеуші ретінде Adobe компаниясы қызмет етеді. Ерекше жағдайларда деректер АҚШ-қа берілуі мүмкін. Сондықтан біз АҚШ-та Adobe компаниясымен ЕО стандартты келісім-шарт ережелерін енгіздік.

Жеке басыңызды қорғау үшін Cookie файлдары арқылы алынған IP мекенжайы қысқартылады және жалпы IP мекенжайымен ауыстырылады.

1.4 Қосымша мақсаттар

Қажет болса, біз сіздің жеке деректеріңізді қосымша мақсаттар үшін өңдейміз:

  • біздің заңды мүдделерімізді қанағаттандыру, соның ішінде мыналар:
    (i) корпоративтік транзакцияны аяқтау (мысалы, корпоративтік қайта құрылымдау, активтерді сату немесе беру, бірігу);
    (ii) құқықтарымызды, меншігіміз бен мүдделерімізді күшейту, орындау және қорғау;

  • заңды міндеттемелерді, сот бұйрықтарын немесе мемлекеттік органдардың басқа да міндетті шешімдерін орындауды қамтамасыз ету.

  • шарттық/заңды талаптарға сәйкес.

Қолданыстағы заң жоғарыда аталған кейбір негіздерді қарастырмауы мүмкін. Біз жеке ақпаратты қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкес өңдеуге міндеттенеміз.

2. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ

Біз жеке деректерді үшінші тұлғаларға бере аламыз және/немесе аша аламыз:

2.1 Реттеуші органға нормативтік есеп беру және құқықтарды қамтамасыз етуді орындау міндеттері 

Заңды есеп беру міндеттемелерін орындау, өз құқықтарымызды және/немесе үшінші тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін біз жеке деректерді заң ережелеріне сәйкес авторлық құқық иелеріне, консультанттарға, соттарға және құзыретті органдарға бере аламыз (мысалы, күдікті жағымсыз оқиғамен байланыс).

2.2 Қызмет көрсектуші (өңдеуші) 

Біз осы құпиялық саясатында сипатталған мақсаттарда сіздің жеке деректеріңізді өңдеу үшін қызмет көрсетушілерді пайдаланамыз. Бұл қызмет көрсетуші деректерді тек біздің атымыздан, нұсқауларымызға сәйкес, біздің бақылауымызда және осы құпиялық саясатына сәйкес өңдейді.

2.3 «Берингер Ингельхайм» тобы компаниялары

Әлемдік компаниялар тобының бөлігі ретінде біз деректерді өңдеуге (мысалы, жағымсыз оқиғалар туралы есептерді талдау және өңдеу бойынша фармакологиялық қадағалау міндеттемелерінің бөлігі ретінде) қолдау көрсету үшін басқа Boehringer Ingelheim тобының компанияларын тартамыз (. Бұл топ компаниялары деректерді тек осы құпиялық саясатында көрсетілген мақсаттар үшін өңдейді.

2.4 ЕО-дан тыс алушыларға деректерді беру

Билік, қызмет көрсетушілер, іскер серіктестер және Boehringer Ingelheim компаниялары жеке деректерді ЕО аумағынан тыс жерде өңдей алады. Мұндай жағдайларда біз еуропалық заңнамаға сәйкес деректерді қорғаудың барабар деңгейін қамтамасыз етеміз (әдетте Еуропалық Комиссия жариялаған ЕО стандартты шарттық баптары немесе қажет болған жағдайда басқа да тиісті қауіпсіздік шаралары арқылы). Төмендегі байланыс деректері бойынша Деректерді қорғау жөніндегі қызметкерге хабарласып, жеке деректердің тиісті қорғалуын қамтамасыз ететін келісімнің көшірмесін сұрай аласыз.

Қолданыстағы заң жеке деректерді тиісті қорғауды қамтамасыз етпейтін елдерге трансшекаралық тасымалдауға сіздің келісіміңізді алуымызды талап етсе, біз мұндай тасымалдаулар үшін сіздің келісіміңізді сұраймыз.

3. САҚТАУ МЕРЗІМІ

«Берингер Ингельхайм» компаниясы сіздің жеке деректеріңізді әдетте сіз сұраған қызметтерді көрсетуден тұратын тиісті мақсаттар үшін қажет болғанша сақтайды. Бұл, мысалы, пайдаланушының есептік жазба деректерін (логин, мамандық, аты-жөні, т.б.) сіз оны жоймайынша сақтайтынымызды білдіреді. Дегенмен, жеке деректер қолданыстағы заң талап еткеннен мерзімнен артық сақталмайды.

Кейбір өңдеу мақсаттары үшін біз арнайы сақтау мерзімдерін белгіледік.

4. СІЗДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ

Сіздің құқығыңыз бар:

  • «Берингер Ингельхайм» компаниясы өңдеген жеке деректеріңіз туралы ақпаратты сұрауға;

  • негізделген жағдайларда сіздің жеке деректеріңізді жоюды, түзетуді немесе өңдеуді шектеуді талап етуге;

  • белгілі бір жағдайларда сіздің жеке деректеріңізді сізге немесе басқа тұлғаға жалпы қабылданған форматта беруді сұрауға;

  • деректерді қорғау органына шағым беруге;

  • егер өңдеу мақсаттары үшін қажет болмаса немесе оны одан әрі өңдеуге заңды негіздер болмаса, Жеке деректеріңізді жоюды талап етуге;

  • егер мұндай өңдеу тек «Берингер Ингельхайм» компаниясы заңды мүдделеріне негізделген болса (GDPR 6 (1) бап f) тармақ), жеке деректеріңізді өңдеуге кез келген уақытта қарсылық білдіріңіз. Бұл жағдайда «Берингер Ингельхайм» компаниясы мүдделері басым болмайынша, біз мұндай жеке деректерді бұдан былай өңдемейміз. Сіз өзіңіздің мүдделеріңізді таразыламай, кез келген уақытта тікелей маркетингтік мақсаттар үшін деректерді пайдалануға қарсылық білдіре аласыз.

Егер сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді өңдеуге келісім берсеңіз, оны болашақта кез келген уақытта қайтарып ала аласыз; мұндай кері қайтарып алу осындай кері қайтарып алуға дейінгі өңдеудің заңдылығына әсер етпейді.

Қолданыстағы заңға сәйкес басқа да құқықтарыңыз болуы мүмкін.

5. СҰРАҚТАР ҚОЮҒА АРНАЛҒАН БАЙЛАНЫС ДЕКЕРЕКТІ

Осы Құпиялық мәлімдемесі немесе жеке ақпаратыңызды қалай пайдаланатынымыз туралы сұрақтарыңыз бар болса, келесі мекенжай бойынша бізге хабарласыңыз:

Boehringer Ingelheim RCV GmbH & Co KG
– Деректерді қорғау қызметкері –
Dr.-Boehringer-Gasse 5-11
1120 Vienna, Австрия
Э-пошта: datenschutzbeauftragter.AT@boehringer-ingelheim.com

6. ҚҰПИЯЛЫҚ МӘЛІМДЕМЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Біз осы Құпиялық мәлімдемесін мезгіл-мезгіл жаңартуымыз мүмкін. Құпиялық туралы мәлімдемеміздің жаңартулары осы сайтта жарияланады. Кез келген өзгертулер біздің веб-сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңартылған күні: Наурыз, 2024