Дәрігерге қаралу кезінде барынша пайда алыңыз.

Дәрігерге қойылуы тиіс сұрақтар

Жүрек пен бүйрек неліктен маңызды 

Жүрегіңіз бен бүйрегіңіз денеңіздегі ең маңызды екі орган және олар бір-бірімен байланысты болып табылады. Олар денсаулығыңызды сақтау үшін бірге жұмыс істейді, сондықтан біреуі зардап шексе, екіншісі де жиі зардап шегеді.5 Өкінішке орай, 2-типті диабет жүрегіңізге де, бүйрегіңізге де көп жүктеме тудыруы мүмкін. Сіздің 2-типті диабетіңіз бақылауда болса да – және глюкоза деңгейіңіз жақсы басқарылса да, ықтимал асқынулардың алдын алу үшін жүрегіңіз бен бүйрегіңізді, бақылау бұрынғысынша маңызды.6-7 

Сіз білесіз бе:

2-типті қант диабетінің жүрек-қан тамырлары ауруларымен және бүйректердің ауруымен өзара байланысын сипаттайтын иллюстрациялық статистика. Act4Diabetes Act4Diabetes

Сіздің жүрегіңіз маңызды: Жүрегіңізді жақсы көріңіз 

Адамдар 2-типті диабет туралы ойлаған кезде, олардың жүрегін қорғау ойға келетін бірінші нәрсе емес. Әйтсе де, солай болуы керек. Неліктен? Емдеудегі ілгерілеуге, жүрек-қан тамырлары ауруы 2-типті диабетте өлімнің басты себебі болып табылады, диабетпен өмір сүретін адамдардың жартысынан көбі жүрек-қан тамырлары ауруынан ерте қайтыс болады.8,11

Жалғыз ықпал етуші болмаса да, глюкоза деңгейінің жоғарылауы жүрек-қан тамырлары ауруының қауіп-қатер факторларының бірі болып табылады. Себебі қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсер етеді – олар артериялар мен тамырлардың қалыңдауына әкелуі мүмкін. Бұл жүрек айналасында май қалдықтарының жиналуына мүмкіндік беріп, инфаркт немесе инсульт қаупін едәуір арттырады.12

2-типті диабеті бар адамдарда жүрек жеткіліксіздігінің даму екі есе жоғары, ерлерде екі есе, әйелдерде бес есе артады.13

2-типті диабеттің жүрегіңізге келтіретін зақымдар сіз ойлағаннан ертерек басталуы және белгілері бірден танылмауы мүмкін.14

Бұл сіздің жүрегіңізге күтім жасау 2-типті диабетті басқарудың өте маңызды бөлігі екенін білдіреді. 

жүрек, 2-типті диабетті басқару, Act4Diabetes

Бүйректеріңіз жайлы ұмытпаңыз!  

Бүйректер біздің ағзамызда өмір сүру  үшін маңызды рөл атқарады - олардың негізгі міндеті - қанымыздағы қалдықтар мен қосымша суды несеп арқылы шығару болып табылады. Сонымен қатар, бүйрек қан қысымын басқаруға және денсаулықты сақтауға  қажет гормондарды өндіруге көмектеседі.15

Диабет бүйрек қан тамырларына зақымдауы және уақыт өте келе созылмалы бүйрек ауруына әкелуі мүмкін.9 Бүйрек зақымданса, олар әрі қарай қанды тиімді сүзе алмайды дегенді білдіреді. Бұл жоғары қан қысымына, бүйрек функциясының нашарлауына және инфаркт пен инсульт қаупін арттыруы мүмкін.16 Сонымен қатар, қанды тиімді сүзгіден өткізе алмау ағзада денсаулыққа зиян келтіретін қалдықтардың жинаулуына алып келуі мүмкін. 

Бүйрек ауруы басында білінбей өтеді. Көптеген адамдарда асқынған кезеңіне жеткенге дейін аурудың ешқандай белгілер болмайды.17,18 Адамның бүйрек ауруы бар-жоғын білудің жалғыз жолы - қан мен зәр сынағы.17,18

Егер емделмесе, созылмалы бүйрек ауруы нашарлап, бүйрек функциясын одан әрі төмендетуі мүмкін.18

Бүйректеріңізді қорғау және олардың денсаулығын Сақтау жалпы денсаулығыңыз үшін өте маңызды. 

бүйректер, 2-типті диабетті басқару, Act4Diabetes

2-типті диабетті басқару қандағы глюкозаның деңгейін бақылауға ғана емес, денсаулығыңызға жан-жақты көзқараспен қараудан да тұрады. 2-типті диабетте жүрегіңіз бен бүйрегіңіз шынымен маңызды, сондықтан олардың қандағы қантпен қатар назар аударғанына көз жеткізу өте маңызды. Жүрегіңіз бен бүйрегіңіздің денсаулығы туралы дәрігермен кеңесіңіз және  келесі қаралу кезінде қайта талқылаңыз. Дұрыс ем жоспарының болуы 2-типті диабетті, жүрегіңіз бен бүйрегіңізді бір мезгілде басқаруға көмектеседі. 

Қысқартулар:

  • 2ТД: 2-типті диабет; ЖҚА: Жүрек-қан тамырлары ауруы; СБА: Созылмалы бүйрек ауруы

сілтемелер:

  1. World Health Organization, Regional office for Europe, Data and statistics, page 1, https://www.euro.who.int/en/health-topics/noncommunicable-diseases/diabetes/data-and-statistics (Accessed August 2021)
  2. International Diabetes Federation IDF Diabetes Atlas, Brussels, Belgium: International Diabetes Federation; 2021, 10th edition. Pages 7,12,19
  3. Classification and Diagnosis of Diabetes: Standards of Medical Care in Diabetes—2022, American Diabetes Association, Diabetes Care 2022 Jan; Diabetes Care 2022;45(Supplement_1):S17–S38
  4. National Institute of Diabetes and Digestive and Kidney Diseases, Type 2 Diabetes, Last Reviewed May 2017, page 2 https://www.niddk.nih.gov/health-information/diabetes/overview/what-is-diabetes/type-2-diabetes
  5. National Kidney Foundation. The Heart and Kidney Connection.(Accessed August 2021). 1 p. https://www.kidney.org/atoz/content/heart-and-kidney-connection
  6. Giugliano, D et al. Cardiovasc Diabetol  (2021) 20:36. The residual cardiorenal risk in type 2 diabetes. 2 p,  https://doi.org/10.1186/s12933-021-01229-2
  7. Giugliano G, et al. Glycemic control, preexisting cardiovascular disease, and risk of major cardiovascular events in patients with type 2 diabetes mellitus: systematic review with meta-analysis of Cardiovascular Outcome Trials and Intensive Glucose Control Trials. J Am Heart Assoc. 2019;8:e012356.
  8. John Hopkins Medicine. Diabetes and Heart Disease. What causes cardiovascular disease?. 2 p. https://www.hopkinsmedicine.org/health/conditions-and-diseases/diabetes/diabetes-and-heart-disease
  9. National Institute of Diabetes and Digestive and Kidney Diseases. Diabetic Kidney Disease. What is diabetic kidney disease?. 1 p. https://www.niddk.nih.gov/health-information/diabetes/overview/preventing-problems/diabetic-kidney-disease
  10. Liu M et al. Eur Rev Med Pharmacol Sci. 2014 Oct;18(19):2918-26.Cardiovascular disease and its relationship with chronic kidney disease. https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/25339487/
  11. Einarson et al. Cardiovasc Diabetol (2018) Jun 8;17 Prevalence of cardiovascular disease in type 2 diabetes: a systematic literature review of scientific evidence from across the world in 2007-2017
  12. Centers for Disease and Prevention. Diabetes and Your Heart. What is heart disease? https://www.cdc.gov/diabetes/library/features/diabetes-and-heart.html
  13. Kenny H et al. Heart Failure in Type 2 diabetes mellitus (2019). Circulation Research Available at: https://www.ahajournals.org/doi/10.1161/CIRCRESAHA.118.311371
  14. Familydoctor.org. Symptoms of diabetes. (Accessed December 2021). https://familydoctor.org/condition/diabetes/
  15. National Institute of Diabetes and Digestive and Kidney Diseases. Your Kidneys & How They Work. June 2018. https://www.niddk.nih.gov/health-information/kidney-disease/kidneys-how-they-work
  16. American Kidney Fund. Heart Disease & chronic kidney disease CKD). (Accessed December 2021). https://www.kidneyfund.org/kidney-disease/chronic-kidney-disease-ckd/complications/heart-disease/
  17. Centers of Disease Control and Prevention. Chronic Kidney Disease Basics. (Accessed August 2021). https://www.cdc.gov/kidneydisease/basics.html
  18. National Institute of Diabetes and Digestive and Kidney Diseases. High Blood Pressure & Kidney Disease. (Accessed December 2021). https://www.niddk.nih.gov/health-information/kidney-disease/high-blood-pressure
  19. American Heart Association. Prevention and Treatment of High Cholesterol (Hyperlipidemia). (Accessed September 2021). https://www.heart.org/en/health-topics/cholesterol/prevention-and-treatment-of-high-cholesterol-hyperlipidemia
  20. National Kidney Foundation. Smoking and your health. December 2021 https://www.kidney.org/atoz/content/smoking
  21. National Kidney Foundation. How Does My Weight Affect My Risk for Kidney Disease? January 2017. https://www.kidney.org/content/how-does-my-weight-affect-my-risk-kidney-disease
  22. American Kidney Fund. Kidney diet and foods for chronic kidney disease (CKD). (Accessed September 2021). https://www.kidneyfund.org/kidney-disease/chronic-kidney-disease-ckd/kidney-friendly-diet-for-ckd.html
  23. National Kidney Federation. Let’s get active. Available at: https://www.kidney.org.uk/lets-get-active-exercise-for-kidney-patients
  24. National Institute of Diabetes and Digestive and Kidney Disease. Heart Disease & Kidney Disease (Accessed December 2021). https://www.niddk.nih.gov/health-information/kidney-disease/heart-disease
  25. Ducat L et al. “The mental health comorbidities of diabetes.” JAMA vol. 312,7 (2014): 691-2. doi:10.1001/jama.2014.8040
  26. Mental Health America. Diabetes and Mental Health. https://mhanational.org/diabetes-and-mental-health
  27. Kidney Health Australia. How to check your kidneys. 2020. https://kidney.org.au/your-kidneys/know-your-kidneys/know-the-risk-factors/kidney-health-check